Таза аула-таза қала

«Таза Қазақстан» — еліміздің тазалығы мен көркеюіне бағытталған маңызды бастама.

Менің ойымша, қоршаған ортаны қорғау және тазалықты сақтау — әрбір азаматтың міндеті. Туған жеріміздің табиғатын аялау, көшелеріміз бен аулаларымызды таза ұстау арқылы біз еліміздің дамуына өз үлесімізді қоса аламыз.

Тазалық әр адамның өзінен басталады. Қоқысты кез келген жерге тастамай, ағаштар мен гүлдерді күтіп, айналамызды таза ұстауға дағдылануымыз қажет. Осындай игі шаралар адамдарды бірлікке, жауапкершілікке және еңбекқорлыққа тәрбиелейді. Әсіресе, жас ұрпаққа табиғатты қорғаудың маңызын түсіндіріп, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауды үйретуіміз керек.

Мен «Таза Қазақстан» акциясын қолдаймын. Себебі таза әрі көрікті елде өмір сүру — баршамыздың ортақ мақсатымыз. Әрбір адам өз ауласынан, өз көшесінен тазалықты бастаса, еліміз одан әрі көркейе түседі. Табиғатты қорғау – болашақ ұрпаққа таза әрі әдемі Қазақстан қалдыру деген сөз.

Амангелді Дадешов

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT