Таза аудан жарқын болашақтың кепілі

«Таза Қазақстан» акциясы аясында аудан көлемінде тазалық пен көгалдандыру жұмыстары жалғасуда. Сенбіліктерге тұрғындар, жастар және түрлі мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, көшелер мен қоғамдық орындарды ретке келтіруге өз үлестерін қосуда.

Тазалыққа бейжай қарамау – әр адамның азаматтық жауапкершілігін көрсетеді. Осындай игі бастамалардың арқасында ауданымыздың келбеті көркейіп, тұрғындарға қолайлы әрі таза орта қалыптасып келеді.

Мұрат Есболатов

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT