Қоршаған ортаның тазалығы әр адамның күнделікті әрекетінен басталады. Бір қарағанда қарапайым көрінетін қоқысты белгіленген орынға тастау, ауланы таза ұстау, көшеге ұқыпты қарау сияқты әдеттердің өзі тұтас ауданның көркіне әсер етеді.
Осыны негізге алған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы Жылыой ауданында да маңызды бастамалардың біріне айналып отыр.
Акция барысында аудан аумағында тазалық пен абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар қолға алынуда. Көшелерді тазалау, аумақтарды ретке келтіру, тұрмыстық қалдықтарды шығару, қоғамдық орындарды абаттандыру секілді жұмыстардың барлығы тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.
Ұлдана Омарқызы



