Тарихи шешім – ел дамуының жаңа кезеңі


Мемлекет басшысының Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында сөйлеген сөзі еліміздің саяси өміріндегі маңызды бетбұрыстың басталғанын айқын көрсетті. Президент атап өткендей, бұл жиын тек кезекті парламенттік сессияның аяқталуы ғана емес, Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұтас бір кезеңді қорытындылайтын тарихи сәт болды. Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – еліміздің мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған маңызды қадам. Бұл өзгерістер уақыт талабына сай жүргізіліп, мемлекеттілікті одан әрі нығайтуға, басқару тиімділігін арттыруға және қоғамның дамуына жаңа серпін береді деп сенемін. Әсіресе, қос палаталы Парламенттің орнына Құрылтай институтының келуі тарихи сабақтастықтың сақталғанын аңғартады. Қазақ халқының дәстүрлі басқару жүйесіндегі Құрылтай ел тағдырын айқындайтын маңызды кеңес болғаны белгілі. Сондықтан бұл өзгеріс ұлттық құндылықтарды қазіргі заман талаптарымен үйлестіре отырып, мемлекетіміздің даму жолын жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

                                 Ақпан Аязбаев, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT