Табиғатты сақтау – болашаққа жасалған инвестиция

Табиғат – адамзаттың ең қымбат байлығы. Оның тазалығы мен байлығын сақтау бүгінгі ұрпақтың басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қоршаған ортаны қорғауға және тұрғындардың экологиялық санасын арттыруға бағытталған. Әрбір отырғызылған ағаш, әрбір жиналған қоқыс, әрбір тазартылған аумақ – еліміздің болашағына қосылған үлес. Табиғатты қорғау тек бір күндік шара емес, ол күнделікті өмір салты болуы тиіс. Егер әр азамат туған жерінің тазалығына бейжай қарамаса, еліміз экологиялық тұрғыдан қауіпсіз әрі көрікті мемлекетке айналады. «Таза Қазақстан» акциясының басты мақсаты да – халықтың күшін бір арнаға тоғыстырып, табиғатты бірге қорғау. Табиғатты аялау – өзіміздің және келер ұрпақтың жарқын болашағына жасалған ең маңызды инвестиция.

Диана ІЗБАСАРҚЫЗЫ, тілші

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT