Табиғатты қорғауға бағытталған маңызды қадам

Қазіргі таңда экология мәселесі бүкіл әлем үшін өзекті болып отыр. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны таза ұстау – әрбір азаматтың басты міндеті.

Осы бағытта елімізде жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңызы ерекше. «Таза Қазақстан» акциясының негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді тазарту және халықтың экологиялық мәдениетін арттыру. Бұл бастама аясында адамдар көшелерді, саябақтарды, өзен-көлдердің жағалауларын қоқыстан тазалап, табиғатты сақтауға өз үлестерін қосуда. Сонымен қатар, ағаш отырғызу, көгалдандыру жұмыстары да кеңінен жүргізілуде. Бұл акцияға жастардың белсенді қатысуы ерекше қуантады. Өйткені табиғатты қорғау – болашақ ұрпақтың алдындағы жауапкершілік. Жастар осындай игі істерге қатысу арқылы табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоғамға пайдалы іс жасаудың маңызын түсінеді.

     «Таза Қазақстан» тек бір реттік шара емес, ол – тұрақты өмір салтына айналуы тиіс. Әр адам өз айналасын таза ұстап, қоқысты белгіленген жерге тастап, табиғатқа жанашырлықпен қараса, еліміздің экологиялық жағдайы әлдеқайда жақсарады.

Айдана Аягөзова, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT