Табиғат – адам өмірінің ажырамас бөлігі. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы адамдарды табиғатты аялауға және экологиялық мәдениетті арттыруға шақырады. Табиғатты қорғау тек мемлекеттік ұйымдардың ғана емес, әрбір азаматтың міндеті. Әсіресе жастар экологиялық шараларға белсенді қатысып, өзгелерге үлгі болуы керек. Бір тал егу, қоқысты сұрыптау немесе айналаны таза ұстау – үлкен өзгеріске бастайтын қарапайым әрекеттер.
Табиғатқа деген қамқорлық – болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміз. Сондықтан әркім табиғатты қорғауға өз үлесін қосуы қажет.
Диана ЕЛЕУСІН



