«Табиғатты қорғау үлкен істерден ғана тұрмайды»

Таза әрі көрікті орта – әр адамның күнделікті мәдениетінен басталады. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының маңызы да осында деп ойлаймын.

Бұл – белгілі бір күні аумақты тазалап, кейін ұмытып кететін шара емес, қоршаған ортаға деген тұрақты көзқарасты қалыптастыруға бағытталған бастама.

Көшенің, ауланың немесе саябақтың тазалығы тек арнайы қызметтердің жұмысы емес. Оны таза ұстау – баршамызға ортақ міндет. Бір талды сындырмау, қоқысты кез келген жерге тастамау, өз ауламызды таза ұстау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен нәтижеге бастайды.

      Табиғатты қорғау үлкен істерден ғана тұрмайды. Кейде тазалыққа деген жауапкершілік бір ғана дұрыс әрекеттен басталады.

 

                                Жанболат Бурабаев, Жылыой ауданы тұрғыны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT