Табиғатты қорғау – келешек алдындағы міндет

«Таза Қазақстан» акциясы тек тазалық жұмыстарымен шектелмей, қоғамға үлкен тәрбие береді. Табиғатты қорғау, қоқысты бейберекет тастамау, жасыл желекті күтіп-баптау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі қоршаған ортаға зор пайда әкеледі.

Осындай акциялар арқылы жастарға экологиялық тәрбие беріліп, олардың табиғатқа деген жанашырлығы қалыптасады. Әрбір отырғызылған ағаш, әрбір жиналған қоқыс еліміздің көркеюіне қосылған үлес болып табылады. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы – табиғатты сақтауға және болашақ ұрпақ үшін таза орта қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама.

Жасұлан Ұзақбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT