Табиғатты қорғау – келер ұрпақ алдындағы жауапкершілік

 «Таза Қазақстан» акциясы – қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Мен бұл шараны тек бір реттік тазалық жұмысы емес, тұрғындардың қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертетін игі іс деп бағалаймын.

 Қазіргі уақытта табиғатты қорғау мәселесі бүкіл әлем үшін өзекті болып отыр. Сондықтан қоршаған ортаның тазалығын сақтау әр адамның күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналуы қажет. Көшеге қоқыс тастамау, қоғамдық орындарды таза ұстау, ағаш отырғызу сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен нәтижеге бастайды.

«Таза Қазақстан» акциясы адамдарды ортақ мақсатқа жұмылдырып, туған жерге деген қамқорлықты арттырады. Осындай шаралар барысында тұрғындардың белсенділік танытып, өз қаласы мен ауылының көркеюіне атсалысуы қуантады. Бұл – қоғамның қоршаған ортаға бейжай қарамайтынын көрсетеді. 

Менің ойымша, тазалық мәселесі тек арнайы акциялар кезінде ғана емес, жыл бойы назарда болуы тиіс. Әр тұрғын өз ауласына, көшесіне, туған өлкесіне жанашырлық танытса, еліміз әлдеқайда таза әрі көрікті болар еді. Сондықтан «Таза Қазақстан» бастамасы баршамыз үшін маңызды әрі қажетті жоба деп санаймын.


                        Асулан Абдрахманов

                 Аудандық орталық аурханасының бастығы 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT