Табиғатты қорғау — болашақты қорғау

Табиғат — баршаға ортақ құндылық.

Оның тазалығы мен көркеюі бүгінгі қоғамның ғана емес, келешек ұрпақтың да өмір сапасына әсер етеді. Осы тұрғыдан алғанда «Таза Қазақстан» акциясының маңызы зор.

       Экологиялық бастама адамдарды айналаны таза ұстауға, қоқысты кез келген жерге тастамауға және табиғатқа жанашырлықпен қарауға үндейді. Табиғатты қорғау үлкен істерден емес, қарапайым жауапкершіліктен басталады.

 

Жаңылсын Төлегенқызы, Жылыой ауданы тұрғыны

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT