Қоршаған ортаны қорғау бір реттік акциямен шектелмеуі керек.
Ағаш отырғызу, аумақтарды тазарту, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану – күнделікті өмір салтына айналуы қажет. Табиғатқа деген жанашырлық адамның өз ауласынан, көшесінен және туған жеріне деген құрметінен көрінеді. «Таза Қазақстан» идеясын тұрақты қолдау арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыруға болады.
Д.Калимов



