Қазақстан – табиғаты бай, кең байтақ мемлекет.
Ұлан-ғайыр даламыз, өзен-көлдеріміз, тауларымыз бен ормандарымыз – халқымыздың ортақ байлығы. Сондықтан табиғатты қорғау әр азаматтың басты міндеттерінің бірі деп ойлаймын. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы осы жауапкершілікті арттыруға үлкен ықпал етіп келеді. Акция барысында елді мекендерде тазалық жұмыстары жүргізіліп, ағаштар отырғызылып, аулалар мен қоғамдық орындар ретке келтіріледі. Бұл жұмыстардың барлығы туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырады. Менің ойымша, табиғатты қорғау тек сенбілікке қатысумен шектелмеуі керек. Күнделікті өмірде суды ысырап етпеу, қоқысты сұрыптау, табиғатқа зиян келтірмеу және жасыл желекті қорғау сияқты қарапайым әрекеттердің өзі үлкен маңызға ие.
Айболат Қайратұлы, Жылыой ауданы тұрғыны



