Бүгінгі таңда қоршаған ортаның тазалығы – бүкіл адамзат үшін маңызды мәселе. Осы бағытта елімізде қолға алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қоғамды табиғатты қорғауға, қоршаған ортаны таза ұстауға үндейді. Бұл акция тек сенбілік өткізумен шектелмейді, ол – экологиялық мәдениетті қалыптастыратын үлкен бастама.
Менің ойымша, табиғатты қорғау әр адамның өзінен басталуы керек. Көшеге қоқыс тастамау, ағаш отырғызу, суды үнемдеу сияқты қарапайым әрекеттердің өзі қоршаған ортаға үлкен пайдасын тигізеді. Қазіргі кезде көптеген жастар экологиялық шараларға белсенді қатысып, туған жердің тазалығына үлес қосып жүр. Бұл – қуантарлық жағдай. «Таза Қазақстан» акциясы адамдардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, қоғамда жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Табиғат – бізге аманат. Сондықтан оны қорғау – болашақ ұрпақ алдындағы міндетіміз.
Жұлдызай Байсеңгірова, Жылыой ауданы тұрғыны


