«Таза Қазақстан» акциясы – қоршаған ортаның тазалығын сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Табиғатты қорғау – бір күндік науқан емес, әр адамның күнделікті өмір салтына айналуы тиіс жауапкершілік. Айналаны таза ұстау, ағаш отырғызу, туған жердің көркеюіне үлес қосу арқылы біз өзімізге де, келешек ұрпаққа да жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастырамыз. Табиғатқа деген жанашырлық пен тазалыққа деген ұқыптылық қоғамның мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігінің айқын көрінісі. Сондықтан туған жердің тазалығына бейжай қарамай, игі бастамаларға белсенді қатысу – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.
Қанат Мыңжасаров




