Ұлан-ғайыр даласы мен көркем табиғаты бар Қазақстан – бізге атадан қалған асыл мұра.
Кең байтақ даламызды, өзен-көлдерімізді, жасыл желегімізді қорғау – әрқайсымыздың міндетіміз. Табиғатты аялау үлкен істен басталмайды. Қоқысты арнайы орынға тастау, ағаштарды сындырмау, су көздерін ластамау, көгалдандыру жұмыстарына атсалысу – қоршаған ортаға жасалған нақты қамқорлық. Бүгінде елімізде экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған жұмыстардың маңызы зор. Себебі табиғатқа деген жауапкершілік – елдің болашағына деген жауапкершілік.
Таза табиғат – дені сау ұрпақтың, көрікті Қазақстанның кепілі. Сондықтан туған жердің әр талын, әр бұлағын, әрбір табиғи байлығын көздің қарашығындай сақтау – баршамызға ортақ парыз.
Алтынбек Ізбасаров, Жылыой ауданы тұрғыны




