Табиғатты аялау – болашақты ойлау


 «Таза Қазақстан» акциясының ерекшелігі – адамдарға қоршаған ортаға деген көзқарасын өзгертуге мүмкіндік беруінде. Тазалық мәселесін тек коммуналдық қызметтердің міндеті деп қабылдамай, оған әр азаматтың қатысуы маңызды.
 Бұл бастама қоғамдық орындардың көркейіп, абаттануына ғана емес, адамдардың бір-біріне деген жауапкершілігін арттыруға да ықпал етеді. Бірге атқарылған жұмыс тұрғындар арасында жақсы қарым-қатынас қалыптастырып, ортақ жерге деген жанашырлықты күшейтеді.
 Мен үшін акцияның ең маңызды нәтижесі – адамдардың «бұл менің қалам, менің ауылым» деген жауапкершілік сезімінің қалыптасуы. Егер әр адам өзі тұрған ортаның тазалығы мен көркіне немқұрайлы қарамаса, үлкен өзгеріс біртіндеп қалыптасады.

                     Жәнібек Раушанұлы   
Аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы 

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT