Табиғатты аялау – азаматтық парыз

Менің ойымша «Таза Қазақстан» акциясы – қоғамға өте қажет әрі пайдалы бастама. Бұл акция қоршаған ортаны тазалаумен ғана шектелмей, азаматтардың экологиялық мәдениетінқалыптастыруға ықпал етеді. Акция аясындаеліміздің көптеген өңірлерінде сенбіліктерөткізіліп, ағаштар отырғызылып, өзен-көлжағалаулары мен қоғамдық орындар тазартылуда.

Осындай шаралар адамдарды табиғатты аялауға, туған жердің тазалығына жауапкершілікпен қарауғатәрбиелейді деп есептеймін. Әсіресе жастардыңбелсенді қатысуы олардың қоршаған ортаға дегенкөзқарасын жақсартып, экологиялық сананыңдамуына мүмкіндік береді.

Мен де әр азамат өз ауласын, көшесін жәнеқоғамдық орындарды таза ұстауға үлес қосуы керекдеп санаймын. Себебі таза орта – денсаулықтың, тәртіптің және мәдениетті қоғамның көрсеткіші. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы елдіңэкологиялық жағдайын жақсартуға жәнетұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруғабағытталған маңызды жоба деп ойлаймын.

 

                                       Еркебұлан Қаржаубаев    

                              Қала әкімі аппаратының бас маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT