Табиғатты аялау – адамзатқа ортақ парыз

«Таза Қазақстан» акциясы туралы өз пікірімді айтар болсам, бұл бастаманы өте дұрыс деп санаймын.

Себебі тазалыққа тек бір мекеме немесе белгілі бір адамдар емес, барлығымыз бірге жауапты болуымыз керек.

Меніңше, көшені, ауланы таза ұстау – үлкен нәрсе емес, бірақ адамның мәдениетін көрсететін маңызды әрекет. Кейде бір адамның тастаған қоқысы бірнеше адамның еңбегін жоққа шығарады. Сондықтан әрқайсымыз «менен кейін таза болсын» деген ұстаныммен өмір сүрсек, айналамыз да өзгере бастайды.

«Таза Қазақстан» акциясының маған ұнайтын тұсы – адамдарды біріктіріп, туған жерге деген жанашырлықты арттыруы. Сенбілікке қатысып, ағаш отырғызып немесе өз аулаңды тазалап, кішкентай болса да үлес қосуға болады.

 

                                                Қайсар Абдалиев

                   Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT