Табиғатқа жанашырлық – болашаққа қамқорлық

Соңғы жылдары елімізде қоршаған ортаны қорғауға бағытталған бастамалар көбейіп келеді.

Соның ішінде “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы ерекше назар аудартады. Бұл акцияның басты мақсаты – табиғатты ластанудан қорғау, халықтың экологиялық мәдениетін арттыру және әр азаматтың туған жеріне деген жауапкершілігін ояту. “Таза Қазақстан” – тек сенбілік немесе қоқыс жинау шарасы ғана емес. Бұл – қоғамның ой-санасын өзгертуге бағытталған маңызды қадам. Себебі тазалық тек бір күндік жұмыс емес, ол – күнделікті әдетке айналуы тиіс құндылық. Көшеде қоқыс тастамау, табиғатты бүлдірмеу, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау – әр адамның міндеті.

      Бұл акцияның тағы бір маңызды тұсы – жастардың белсенді қатысуы. Жас ұрпақ табиғатты қорғаудың маңызын ерте түсінсе, болашақта экологиялық мәселелер азаяды. Сонымен қатар, мұндай шаралар адамдарды біріктіріп, қоғамда ортақ жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Дегенмен, экологиялық акциялардың тиімді болуы үшін олар тұрақты түрде өткізіліп, нақты нәтижелерге бағытталуы керек. Тек қоқыс жинаумен шектелмей, қайта өңдеу мәдениетін дамыту, экологиялық білім беруді күшейту де маңызды.

Серікболсын Сайлаубай, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT