Табиғатқа жанашырлық болашаққа қамқорлық болып табылады

Менің ойымша, «Таза Қазақстан» акциясының маңызы тек көшелер мен қоғамдық орындарды тазалаумен шектелмейді.

Бұл бастама адамдардың табиғатқа деген көзқарасын өзгертіп, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелейді. Бүгінде экологиялық мәселелер әлем бойынша өзекті болып отырғандықтан, мұндай акциялардың қоғам үшін пайдасы зор. Әрбір адам табиғатты қорғауды өзінен бастауы қажет. Қоқысты арнайы орынға тастау, жасыл желекті күтіп ұстау, қоршаған ортаны ластамау – қарапайым болғанымен маңызды әрекеттер.

«Таза Қазақстан» акциясы осы құндылықтарды насихаттап, азаматтарды табиғатты аялауға үндейді. Сондықтан бұл бастамаға белсенді қатысу – келер ұрпақ алдындағы жауапкершілігіміздің бір көрінісі. 

Гүлмира Хасанова

 Аудандық орталық аурухананың пациенттерді қолдау қызметінің меңгерушісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT