Адам мен табиғат – бір-бірінен ажырамас ұғым.
Табиғаттың тазалығы мен қоршаған ортаның жағдайы адамның өмір сапасына тікелей әсер етеді. Сондықтан экологиялық мәселеге немқұрайды қарау – өз болашағымызға немқұрайды қараумен тең.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында еліміздің әр өңірінде тазалық жұмыстары, абаттандыру, көгалдандыру және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. Мұндай жұмыстардың маңызы – тек аумақты тазартуда емес, тұрғындардың экологиялық жауапкершілігін арттыруында.
Хасан Ермеков, Жылыой ауданы тұрғыны



