«Табиғатқа қамқорлық күнделікті өмірде байқалса»

 Біз табиғатта жүрген сайын міндетті түрде із қалдырамыз. Бірақ сол іздің қандай болатынын өзіміз таңдаймыз. Бірі – отырғызылған ағаш, бірі – тазартылған өзен жағасы, ал енді бірі – ұзақ жылдар бойы шірімейтін пластик қалдығы. «Таза Қазақстан» акциясы осы таңдаудың маңызын еске салады. Бұл бастама қоршаған ортаны тазартумен қатар, табиғатқа деген құрметті қалыптастыруға бағытталған. Себебі экологиялық мәдениет бір күнде пайда болмайды. Ол отбасы тәрбиесінен, мектептен, қоғамдық жауапкершіліктен басталады.
     Әлемде экология экономикалық дамумен де тығыз байланысты. Инвестиция, туризм, өмір сапасы – барлығы қоршаған ортаның жағдайына тәуелді. Сондықтан табиғатты қорғау – тек табиғат жанашырларының емес, елдің болашағына бейжай қарамайтын әр азаматтың міндеті. Біз көбіне балаларға қандай Қазақстан қалдыратынымыз туралы айтамыз. Бірақ одан да маңызды сұрақ бар: балалар бізден қандай үлгі көреді? Егер олар тазалықты, ұқыптылықты және табиғатқа қамқорлықты күнделікті өмірде байқаса, онда экологиялық мәдениет ұрпақтан ұрпаққа жалғасады.

              Самат Сағадатұлы, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT