Қоршаған ортаның тазалығы мен табиғатты қорғау – бүгінгі қоғам үшін маңызды міндет.
Табиғатқа жасалған әрбір қамқорлықтың нәтижесі болашақ ұрпақтың өмірімен тығыз байланысты. Сондықтан айналаны таза ұстау, жасыл желекті қорғау және табиғи ресурстарға ұқыпты қарау әр азаматтың дағдысына айналуы тиіс.
«Таза Қазақстан» бастамасы осы бағыттағы қоғамдық жауапкершілікті күшейтуге жол ашып отыр. Мұндай жұмыстарға тұрғындардың бірге атсалысуы қоршаған ортаны жақсартумен қатар, жастарға да үлгі болады. Тазалықты сақтау бір адамның немесе бір мекеменің ғана міндеті емес. Бұл – баршаға ортақ іс.
Айнұр Серікқызы




