Менің ойымша, браконьерлік – табиғатқа жасалған үлкен қиянат. Заңсыз аң аулау мен балық аулау жануарлар дүниесінің азаюына, кейбір сирек кездесетін түрлердің жойылып кетуіне себеп болуы мүмкін. Табиғат – келер ұрпаққа аманат, сондықтан оны қорғау әрбір азаматтың міндеті деп санаймын.
Браконьерлік тек экологияға ғана емес, заң талаптарына да қайшы келеді. Табиғи тепе-теңдіктің бұзылуы қоршаған ортаға кері әсерін тигізеді. Сондықтан мұндай құқық бұзушылықтардың алдын алып, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру маңызды.
Әр адам табиғат байлығына жауапкершілікпен қарап, қоршаған ортаны сақтауға өз үлесін қосуы қажет.
Бүркіт Базарбаев
Жазушылар одағының мүшесі



