Тәртіпті ұрпақ – жарқын болашақ кепілі

Заң мен тәртіп мәселесі әрбір отбасы мен қоғам үшін маңызды деп есептеймін.

Себебі жас ұрпақтың тәрбиелі, жауапты азамат болып қалыптасуы ең алдымен отбасындағы тәрбиеге байланысты. Балаларға үлкенді сыйлау, қоғамдық орында өзін дұрыс ұстау, өзгенің мүлкіне қол сұқпау және заң талаптарын құрметтеу сияқты қарапайым қағидаларды үйретуіміз керек. 

Сонымен қатар тұрғындар да өздері үлгі болып, қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысқаны жөн. Көшеде тазалық сақтау, жол ережесін бұзбау, көршілермен тату қарым-қатынаста болу – мәдениетті қоғамның белгісі. 

Заңға бағыну арқылы біз өзіміздің ғана емес, айналамыздағы адамдардың да қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз. Сондықтан заң мен тәртіп әрбір азаматтың өмірлік ұстанымына айналуы тиіс деп ойлаймын.

Жандарбек Дүйсенбеков

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT