Менің ойымша, заң мен тәртіп кез келген қоғамның тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басты тірек. Әсіресе адам өміріне қатысты мәселелерде оның маңызы өте зор. Өмір – ең қымбат құндылық, сондықтан оны қорғау тек жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның міндеті.
Суицид мәселесі – тек бір адамның қайғысы емес, ол қоғамдағы психологиялық, әлеуметтік және құқықтық проблемалардың көрінісі. Адам өз өмірін қиюға шешім қабылдағанда, бұл оның жалғыз қалғанын, қолдау таппағанын немесе қиындықтарға төтеп бере алмағанын білдіреді. Мұндай жағдайда заң мен тәртіп тек жазалау құралы емес, керісінше қорғау және алдын алу тетігі болуы тиіс.
Меніңше, мемлекет суицидтің алдын алу үшін нақты шаралар қабылдауы керек: психологиялық көмек көрсету жүйесін дамыту, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту, әлеуметтік теңсіздікті азайту. Сонымен қатар, әр адам да айналасындағы адамдарға бейжай қарамауы тиіс. Кейде қарапайым қолдау мен жылы сөз бір адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Жылыой аудандық ауыл шаруашылығы
жер қатынастары бөлімінің басшысы
Жәнібек Раушанұлы


