СУИЦИДТІҢ АЛДЫН АЛУ – ҚОҒАМНЫҢ ОРТАҚ МІНДЕТІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ

Суицидтің алдын алу – қоғам үшін аса маңызды мәселелердің бірі.

Адамның қиын жағдайға тап болған кезінде жалғыз қалмауы, оның жанынан табылып, қолдау көрсетуі өте маңызды. Кейде қарапайым ғана жылы сөз бен түсіністік адамның қиын кезеңнен өтуіне көмектесуі мүмкін.

Әсіресе жасөспірімдер мен жастардың эмоционалдық жағдайына көңіл бөлу қажет. Олардың мәселесін елемей қалдырмай, ашық сөйлесуге мүмкіндік беру, пікірін тыңдау және қажет болған жағдайда мамандардың көмегіне жүгіну маңызды.

Қоғамда психологиялық көмекке жүгінуді әлсіздік деп қабылдамау керек. Керісінше, өз мәселесін мойындап, көмек сұрау – қиындықты еңсеруге жасалған маңызды қадам. Әр адам айналасындағы жақындарының көңіл күйіне бейжай қарамай, қолдау көрсетуге тырысқаны жөн.

 

Өркен Шымырбаев

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT