Қазіргі қоғамдағы ең ауыр әрі күрделі мәселелердің бірі суицид. Оған барған адам көбінесе өмірдегі қиындықтарға төзе алмай, жалғыздық пен үмітсіздік сезіміне беріледі. Бұл мәселе тек бір адамның емес, бүкіл отбасы мен қоғамның қайғысына айналады.
Бүгінгі күні жастар арасында күйзеліс, психологиялық қысым, отбасындағы түсініспеушілік, буллинг және әлеуметтік желінің әсері көбейіп отыр. Кейбір адамдар өз мәселесін ешкімге айта алмай, ішіне жинап жүреді. Соның салдарынан олар өмірден түңіліп, қате шешім қабылдауы мүмкін. Меніңше, мұндай жағдайда адамға ең алдымен қолдау мен түсіністік қажет. Кейде жылы сөз бен жақын адамның көмегі адамның өмірін сақтап қалуы мүмкін.
Суицидтің алдын алу үшін қоғамда психологиялық көмекке деген көзқарасты өзгерту маңызды. Адамдар психологқа қаралудан ұялмауы керек. Мектептерде, колледждерде және жұмыс орындарында психологиялық қолдау күшейтілсе, көптеген қиын жағдайлардың алдын алуға болады. Сонымен қатар ата-аналар балаларымен жиі сөйлесіп, олардың ішкі жан дүниесіне көңіл бөлуі қажет деп ойлаймын.
Нұрболат Өрбісінов
Жылыой аудандық ветеринария бөлімінің басшысы


