Сталкинг – адамның соңына түсіп, оның тыныштығын бұзатын, қорқыныш пен психологиялық қысым тудыратын қудалау әрекеті. Ол үздіксіз хабарлама жазу, рұқсатсыз аңду, әлеуметтік желілер арқылы мазалау, жұмыс немесе тұрғылықты жеріне жиі келу сияқты түрлі формада көрінуі мүмкін. Мұндай әрекеттер жәбірленушінің қауіпсіздігіне ғана емес, психологиялық жағдайына да елеулі зиян келтіреді.
Сталкингке тап болған жағдайда мәселені елемей қоюға болмайды. Қудалау әрекеттерін дәлел ретінде сақтап, жақындарыңызға хабарлап, қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінген жөн. Әр адамның жеке өміріне қол сұқпауға және қауіпсіз өмір сүруге құқығы бар. Сондықтан өзгенің шекарасын құрметтеу мен құқықтық сауаттылықты арттыру – мұндай жағдайлардың алдын алудың маңызды жолы.
Бексұлтан Қабылов



