Шынайы тазалық адамның санасынан басталады

Көпшілік қоқыс мәселесін тек экологиямен байланыстырады. Бірақ бұл ең алдымен адамның мәдениетіне қатысты мәселе деп ойлаймын. Себебі қоқысты жел емес, адам тастайды; табиғатты ластайтын да адамның өзі.

     «Таза Қазақстан» акциясы қоғамға маңызды ой салды: қоршаған ортаға деген көзқарас адамның ішкі мәдениетін көрсетеді. Егер біз көшені таза ұстай алмасақ, табиғатты қорғау туралы үлкен сөздердің мәні азаяды. Сондықтан экологиялық акциялар тек аумақтарды тазартумен шектелмеуі керек. Олар адамдардың мінез-құлқы мен жауапкершілігін өзгертуге бағытталуы тиіс. Шынайы тазалық көшеден емес, адамның санасынан басталады.

Серік Сәдиев, Жылыой ауданы тұрғыны

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT