Тазалық акциясына аудан тұрғындары мен түрлі мекеме қызметкерлері белсенді қатысып, қаланың тазалығына өз үлестерін қосты. Атап айтқанда, сенбілікке аудандық “Жылыойсу” мекемесінен 20 қызметкер мен 1 техника жұмылдырылып, тазалық жұмыстары жүргізілді.
Қала тазалығына бейжай қарамай, қоғамдық іске белсенділік танытқан барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз.
Қала тұрғыны Шарипа Оңдасынова


