Саяси дамудағы маңызды белес

Жаңа Конституция жобасы – Қазақстанның саяси дамуындағы маңызды белес. Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия дайындаған бұл құжат кең қоғамдық талқылаудан өтіп, түрлі әлеуметтік топтардың пікірін ескере отырып әзірленді.

Бұл оның мазмұнының жан-жақты әрі әділ қалыптасқанын аңғартады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған бір палаталы Парламент моделі басқару жүйесін жетілдіруге және заң қабылдау сапасын арттыруға бағытталған. Мұндай маңызды белес мемлекеттік шешімдердің тиімділігін күшейтіп, елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.

Сонымен қатар, жаңа жоба азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтіп, заманауи сын-қатерлерге бейімделген құқықтық негіз қалыптастыруды мақсат етеді. Бұл бастама Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына оң әсерін тигізеді деп ойлаймын.

 
Гүлнұр Серікова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT