Саналы қоғам – таза орта

Қазіргі кезде көп адам тазалықты тек арнайы қызметкерлердің жұмысы деп ойлатындары жарысын емес. Алайда тазалықты сақтау мәдениеттілік пен тәрбиенің көрсеткіші.

Осы мақсатта бүгінде Таза Қазақстан акциясы қолға алынып, бірқатар шаралар атқаруда. Аталмыш жоба тек қоршаған ортаны тазартуға арналған шара емес, ол адамдардың сана-сезімін өзгертуге бағытталған маңызды бастама деп ойлаймын.  

Менің ойымша мұндай шаралардың ең үлкен пайдасы — адамдарды немқұрайдылықтан арылтуында. Көшеде жатқан қоқысты көріп өтіп кетпей, оны тазартуға атсалысу — нағыз азаматтық ұстаным. Сонымен қатар, акция барысында адамдар бір-бірімен араласып, ортақ мақсат үшін бірігеді. Бұл қоғамдағы ауызбіршілік пен ынтымақтастықты күшейтеді.

Тағы бір маңызды мәселе — экологиялық тәрбие. Егер балалар мен жастар осындай шараларға жиі қатысса, олар табиғатты қорғауды кішкентайынан үйренеді. Болашақта қоршаған ортаға жанашыр, саналы ұрпақ қалыптасады. Сондықтан «Таза Қазақстан» акциясы тек бүгінгі тазалық үшін емес, ертеңгі ұрпақтың мәдениеті мен тәрбиесі үшін де қажет деп есептеймін.

    
                               
                                                  Злиха Құлғазиева

                            Жылыой аудандық аурухананың меңгерушісі
              

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT