Менің ойымша, салық төлеу – әр азамат пен кәсіпкердің мемлекет алдындағы маңызды міндеттерінің бірі. Өйткені жиналған салық елдің дамуына, әлеуметтік нысандардың жұмысына, жол, білім беру, медицина сияқты маңызды салаларға жұмсалады.
Салық төлеуден жалтару – заң талаптарын бұзу ғана емес, қоғам алдындағы жауапкершіліктен жалтару деп түсінемін. Әр адам өз міндетін адал орындаса, мемлекетке де, қоғамға да пайдасы тиеді.
Сондықтан кәсіп жүргізетін немесе табыс табатын әр азамат салық заңнамасын сақтап, өз міндетін уақытында орындауы қажет. Заңды сақтау – тұрақты әрі әділ қоғам қалыптастырудың бір жолы деп есептеймін.
Жансая Мұсақызы
Аудандық мемлекеттік қазынашылық басқармасының басшысы



