Менің ойымша, қоғамда «ұсақ құқық бұзушылық қой» деп мән бермей қарайтын әрекеттер аз емес.
Алайда кез келген заң бұзушылықтың артында тәртіпке деген немқұрайдылық жатыр.
Қоғамдық орында тыныштықты бұзу, айналаны ластау, абаттандыру талаптарын сақтамау сияқты әрекеттер бір қарағанда елеусіз көрінгенімен, оның соңы ортақ тәртіпке кері әсерін тигізеді.
Заң мен тәртіп бір күнде қалыптаспайды. Ол әр адамның күнделікті әрекетінен басталады. Сондықтан «ұсақ» деп кез келген құқық бұзушылыққа немқұрайлы қарамауымыз керек. Тәртіпті қоғам әр азаматтың саналы әрекетінен құрылады. Заңды сақтау – жазадан қорқу емес, өзің өмір сүріп отырған ортаға деген құрмет деп түсінемін.
Есен Темірбаев
Қалалық әкімдіктің бас маманы



