Қоғамдағы тыныштық пен қауіпсіздік әр азаматтың жауапкершілігіне тікелей байланысты. Соның ішінде ұрлықтың алдын алу – құқық қорғау органдарымен қатар, тұрғындардың да сақтығын талап ететін маңызды бағыттардың бірі.
Ұрлық көбіне қарапайым немқұрайлылықтың салдарынан орын алуы мүмкін. Үйдің есігін құлыптамай кету, көліктің ішінде бағалы заттарды қалдыру, жеке заттарды қараусыз қалдыру немесе банк картасы мен құпия деректерді бөгде адамдарға беру – алаяқтар мен ұрыларға мүмкіндік туғызатын факторлардың бірі.
Сондықтан әр тұрғын өз мүлкінің қауіпсіздігіне мұқият қарағаны жөн. Үйден шығар кезде есік-терезелердің жабық екеніне көз жеткізу, көлікті қараусыз қалдырғанда құнды заттарды ішінде қалдырмау, жеке құжаттар мен банк карталарын қауіпсіз жерде сақтау – қарапайым болғанымен, маңызды сақтық шаралары.
Нұрлан Қасым



