ҰРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРМЕУ – ЗАҢ МЕН ТӘРТІПТІ ҚҰРМЕТТЕУ

Ұрлық – қоғамның тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігіне кері әсер ететін құқық бұзушылықтардың бірі.

Біреудің мүлкін заңсыз иемдену жәбірленушіге материалдық шығын ғана емес, моральдық тұрғыдан да зиян келтіреді. Сондықтан әр азамат өзгенің мүлкіне құрметпен қарап, заң талаптарын сақтауы қажет.

Ұрлықтың алдын алуда құқықтық сауаттылықтың маңызы зор. Адам өз құқығы мен міндетін жақсы білген жағдайда заң бұзушылыққа барудың салдарын да түсінеді. Сонымен қатар тұрғындар өз мүлкінің қауіпсіздігіне де жауапкершілікпен қарап, қарапайым сақтық шараларын ұмытпағаны жөн.

 

Тарғын Әбдрахманов

Таза Қазақстан

AQPARATPRINT