Ұрлық – қоғамға зиян келтіретін және адамдардың бір-біріне деген сенімін бұзатын әрекет. Біреудің затын рұқсатсыз алу – дұрыс емес.
Достар, адал болайық! Біреудің еңбегін, мүлкін және құқығын құрметтейік! Адал еңбекпен келген жетістік қана адамға шынайы қуаныш сыйлайды.
Әр адам өз ісіне жауапкершілікпен қарауы керек. Ұрлыққа жол бермейік, адалдықты қолдайық! Бір-бірімізге сеніммен қарайтын, әділ әрі қауіпсіз қоғамды бірге құрайық! Адалдық – адамдықтың белгісі!
Аружан Нұрланқызы



