Ұрлық – біреудің адал еңбегімен тапқан дүниесіне қол сұғу ғана емес, адамдар арасындағы сенімді бұзатын ауыр құқық бұзушылық. Мұндай әрекеттер қоғамдағы тыныштық пен тәртіпке кері әсер етеді.
Әр адам өзгенің мүлкіне құрметпен қарап, заң талаптарын сақтауы керек деп есептеймін. Ұрлықтың алдын алу үшін жастарға адал еңбек пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру қажет.
Заңды құрметтеу арқылы ғана қауіпсіз әрі әділетті қоғам қалыптастыра аламыз.
Талғат Жұмағалиев
Грэпплинг спортының бапкері



