Ұрлық – сенімге жасалған қиянат

 

Ұрлық дегеніміз – біреудің мүлкін оның рұқсатынсыз, жасырын түрде иемдену. Мұндай іс-әрекет тек материалдық шығын келтіріп қана қоймай, адамдар арасындағы сенім мен сыйластыққа да нұқсан келтіреді. Сондықтан ұрлық қоғам үшін қауіпті құбылыс болып саналады. 

Әрбір адам өз қажеттіліктерін адал еңбекпен өтеуге тиіс. Адамның қол жеткізген дүниесі оның маңдай терімен келген еңбегінің нәтижесі болып табылады. Ал ұрлық жасаған адам сол еңбекті бағаламай, өзгенің мүлкіне қол сұғады. Бұл әділетсіздікке алып келеді және қоғамдағы тәртіптің бұзылуына себеп болады. Егер адамдар бір-бірінің мүлкін құрметтемесе, онда қоғамда қауіпсіздік пен тұрақтылық болмайды. 

Ұрлықтың алдын алу үшін ең алдымен жас ұрпаққа дұрыс тәрбие беру қажет. Балаларды кішкентайынан адалдыққа, еңбекқорлыққа және өзгенің құқығын құрметтеуге үйрету маңызды. Сонымен қатар, қоғамда заңға бағыну мәдениетін қалыптастырып, құқықтық білім беруді күшейту керек. Адамдар адал еңбектің қадірін түсінген кезде ғана мұндай құқық бұзушылықтардың саны азаяды. 

                                     

                                          Гүлмира Хасанова

         Аудандық орталық аурухананың пациенттерді қолдау қызметінің меңгерушісі

                 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT