Менің ойымша, ұрлық – адамның адал еңбекке деген құрметін жоғалтатын әрі қоғамдағы сенімге сызат түсіретін ауыр құқық бұзушылықтардың бірі. Біреудің маңдай терімен тапқан дүниесіне қол сұғу – тек заңды бұзу ғана емес, адамгершілік қағидаларына қайшы әрекет.
Қоғамда ұрлықтың алдын алу үшін әр азамат заңды құрметтеп, адал еңбекпен өмір сүруді басты қағидаға айналдыруы қажет. Әсіресе, жас ұрпаққа адалдық, жауапкершілік және өзгенің мүлкіне құрметпен қарау сияқты құндылықтарды отбасы мен білім беру ұйымдарында жүйелі түрде дәріптеу маңызды.
Заң мен тәртіп үстемдік құрған елде ғана адамдар өздерін қауіпсіз сезініп, қоғам тұрақты дамиды. Сондықтан ұрлыққа мүлде төзбеушілік танытып, құқықтық мәдениетті қалыптастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз деп есептеймін.
Ақылбек Едігеев
Мансап орталығының басшысы



