Ұрлық – қоғамдағы ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың бірі. Біреудің мүлкін заңсыз иемдену тек материалдық шығын келтіріп қана қоймай, адамдардың қауіпсіздік сезіміне де кері әсер етеді. Сондықтан әрбір азамат өз мүлкіне мұқият болып, қауіпсіздік шараларын сақтауы қажет.
Қазіргі таңда ұрлықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдары тарапынан түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Дегенмен қылмыстың алдын алуда тұрғындардың да жауапкершілігі маңызды. Үйден шығарда есік-терезенің жабық екеніне көз жеткізу, бағалы заттарды қараусыз қалдырмау, күмәнді адамдар туралы тиісті орындарға хабарлау – қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қарапайым жолдары.
Қоғамда заңға құрмет пен адалдық қағидаттары берік орныққанда ғана мұндай құқық бұзушылықтардың саны азаяды. Әрбір азамат қоғамдық тәртіпті сақтауға үлес қосып, қылмысқа қарсы мәдениетті қалыптастыруға атсалысуы керек.
Қала тұрғыны Ерлан Қуанышев



