Мас күйінде көлік жүргізу – жол қозғалысы ережесін бұзу ғана емес, адам өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін әрекет. Мұндай жауапсыздықтың салдарынан жазықсыз адамдар зардап шегіп, кейде қайғылы оқиғаларға әкеліп жатады.
Сондықтан әрбір жүргізуші өз қауіпсіздігімен қатар, өзгелердің де өміріне жауапты екенін түсінуі керек. Заң талаптарын сақтау және көлік тізгініне мас күйде отырмау – азаматтық мәдениеттің маңызды көрсеткіші.
Қауіпсіз жол – әркімнің жауапкершілігінен басталады деп ойлаймын.
Ризангүл Айтенова
Жылыой ауданының мәслихат депутаты


