Көшеде, саябақта, қоғамдық көлікте немесе басқа да ортақ орындарда өзімізді дұрыс ұстау арқылы айналамыздағы адамдарға деген құрметімізді білдіреміз.
Сол себептен қоғамдық орында тәртіп сақтау – әр адамның мәдениеті мен тәрбиесін көрсетеді.
Қоғамдық орында айқайлау, жанжал шығару, қоқыс тастау, адамдардың тыныштығын бұзу сияқты әрекеттер өзгелерге қолайсыздық тудырады. Кейде адамдар мұндай әрекеттерге мән бермейді, бірақ әр адамның тәртібі қоғамдағы жалпы жағдайға әсер етеді деп ойлаймын.
Мен үшін тәртіп дегеніміз – тек заңнан қорқу емес, өз әрекетіңді түсініп, басқа адамдардың құқығы мен тыныштығын сыйлау. Егер әр адам қоғамдық орында өзін жауапкершілікпен ұстаса, айналамыз да қауіпсіз әрі жайлы бола түседі. Сондықтан қоғамдық тәртіпті сақтау тек полицияның немесе арнайы қызметтердің міндеті емес. Бұл – барлығымызға ортақ жауапкершілік. Өзімізден бастап тәртіп сақтасақ, қоғамымыз да мәдениетті әрі қауіпсіз болады деп сенемін.
Дархан Шапхатұлы
«Қазақтелеком» АҚ Орталық аппаратының өңірлік даму жөніндегі басшысы



