Референдум жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Жылыой ауданына қарасты Шоқпартоғай ауылдық округіндегі №107 референдум учаскесі таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Учаске талапқа сай ашылып, дауыс беру барысы ұйымдасқан түрде өтті.

Референдум учаскесіне келген тұрғындардың арасында отбасымен, балаларымен бірге келген азаматтар да болды. Бюллетеньдерді жәшікке салып, ерекше қуанып жатты. Дауыс беру жәшіктерінің жанында естелікке суретке түсіп жатқан сәттер де көп байқалды. Жалпы, учаскеде мерекелік көңіл-күй сезілді.

-Референдум өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Тұрғындар белсенді келіп, өз таңдауларын жасады. Адамдардың отбасымен бірге келуі де ерекше әсер қалдырды. Бұл - халықтың ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетеді. Жалпы, учаскеде мерекелік көңіл-күй байқалды,-деді Шоқпартоғай мәдениет үйінің директоры Амангелді Сатыбалдиев.

Жалпы, №107 референдум учаскесінде дауыс беру талапқа сай ұйымдастырылып, тұрғындар өз азаматтық белсенділігін көрсетті. Бұл – халықтың ел болашағына қатысты маңызды шешімдерге жауапкершілікпен қарайтынын айқын аңғартты.

А.Ерденқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT