Референдум – халық таңдауы

Конституциялық референдум – ел өміріндегі маңызды саяси қадамдардың бірі. Себебі Ата заң – мемлекет дамуының негізгі бағытын айқындайтын басты құжат. Сондықтан оған енгізілетін өзгерістер халықтың қатысуымен қабылдануы өте маңызды деп ойлаймын.

 Референдум арқылы әрбір азамат өз пікірін білдіруге мүмкіндік алады. Бұл – халық пен билік арасындағы байланыстың айқын көрінісі. Әр адамның дауысы елдің болашағына әсер ететінін сезіну – үлкен жауапкершілік.

 Менің ойымша, мұндай маңызды мәселелерді бүкіл халықтың талқысына салу – әділ шешім. Себебі мемлекет дамуы тек заңдармен ғана емес, азаматтардың белсенділігімен де байланысты.

                               Қала тұрғыны
                       Нұрсұлтан Өскенбаев

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT