Референдум – халық үнінің көрінісі

 Референдум – халықтың өз болашағына тікелей ықпал ететін маңызды саяси тетік. Менің ойымша, ел өміріндегі маңызды шешімдердің халықтың қатысуымен қабылдануы – нағыз демократияның белгісі. Өйткені мемлекет тағдырына қатысты мәселелерде әр азаматтың пікірі ескерілуі тиіс.

 Референдум арқылы халық өз таңдауын жасап, ел дамуының бағытын айқындауға мүмкіндік алады. Бұл – қоғамдағы жауапкершілікті арттырып, азаматтардың саяси белсенділігін күшейтетін маңызды үрдіс. Әр адам өзінің дауысы арқылы ел болашағына үлес қоса алады.

 Сондықтан мұндай маңызды саяси науқандарға бейжай қарамай, белсенді қатысу – әрбір азаматтың азаматтық парызы деп санаймын. Референдум – халық пен билік арасындағы байланысты нығайтып, елдің тұрақты дамуына жол ашатын маңызды қадам.
    
                               Қала тұрғыны
                        Салиха Әділханқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT