Мен үшін Конституциялық референдум – тек заңдық өзгеріс емес, азамат ретінде өз пікірімді білдірудің, қоғамдағы орнымды сезінудің бір жолы. Көп жағдайда біз қоғамдағы өзгерістерді сырттай бақылап қана жүрміз, бірақ референдум әрқайсысымызға өз дауысымызбен елдің болашағына үлес қосу мүмкіндігін береді.
Жеке тәжірибемнен айтар болсам, әрбір дауыс – тек бюллетеньде көрсетілген таңдау емес, ол өз құқығымды қорғау, жауапкершілігімді сезіну, мемлекет пен халыққа деген адалдықтың белгісі. Бұл – өзімнің ғана емес, келер ұрпақтың өмірі үшін маңызды қадам. Сондықтан мен үшін дауыс беру – парыз әрі азаматтық ұстанымымның көрінісі.
Референдум барысында әрбір азамат өз пікірін ашық айту арқылы мемлекеттің дамуына нақты үлес қосады. Менің ойымша, бұл – демократиялық қоғамның ең айқын көрінісі және әділ шешім қабылдауға мүмкіндік беретін құрал.
Қала тұрғыны
Жанқожа Махамбетов


