Әр азаматтың таңдауы маңызды

Мен үшін Конституциялық референдум – бұл тек заңды өзгерту емес, азаматтық сананың көрінісі.

Әрқайсымыздың дауысымыз – мемлекет пен қоғамға деген жауапкершілігімізді көрсету жолы. Мен өз ойымды ашық білдіру арқылы елімнің болашағына тікелей қатысып отырмын деп есептеймін.

 Жеке көзқарасым бойынша, референдум – әр азаматқа тең мүмкіндік беретін әділ алаң. Бұл – біздің құқықтарымыз бен бостандықтарымызды сақтап, жаңартудың бірден-бір жолы. Елдегі өзгерістерге бей-жай қарамай, өз даусымызды беру арқылы біз тек өзіміз үшін емес, келер ұрпақ үшін де жауапты боламыз.

Мен үшін дауыс беру – азаматтық парыз ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің дамуына нақты үлес қосу, өз позициямды көрсету мүмкіндігі. Әр дауыс маңызды, және мен өз дауысымды сеніммен беремін. 
    
                     Қала тұрғыны
                   Құбаш Сұлтанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AQPARATPRINT